5.09.2025, 16:32
Оқылды: 469

Қазақ даласындағы ашаршылық жайлы арт-фильм Париждегі басты алаңда көрсетіледі

Заманауи өнер мен поэзияны ұштастырған «Täuelxsız» арт-жобасының тұңғыш арт-фильмі Speak Volumes жобасы аясында Парижде көрсетіледі.

img_20250530_223635_543

Фото: orda.kz

Франция астанасындағы көрсетілім 13 қыркүйекке жоспарланған. «Аштық жайлаған дала» атты қысқа метражды фильм Франциядағы заманауи өнерді қолдайтын халықаралық «rojetbetula» жобасының іріктеуінен өткен.

«Біздің алғашқы видео-арт Франция астанасы Парижде, Speak Volumes жобасы аясында көрсетіледі! Бұл біз үшін үлкен қуаныш әрі үлкен жауапкершілік», – дейді «Täuelxsız» арт-жобасының ұжымы.

Айта кетейік, фильмнің режиссері Лаура Мұхиева, идея авторы әрі продюсері Руслан Жұбаныш. Басты рөлдерді театр және кино актері Бағашқан Тоқтамұрат, Нұрай Сисенбай, Дамир Сейсенбек, Ақмарал Жарбосын сомдайды.

Арт-фильмнің тұсауы биыл – 31 мамыр күні, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында кесілген.

orda.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале