23.08.2023, 15:15
Оқылды: 112

Қазақ қалай басқарылды?

 

Біле жүріңіз!

Қазақтардың бірлігі мен тірлігі қашанда рулардың жайылым жерлері мен көші-қоң қоныстарын айқындаудан тұрғаны белгілі. Кешегі қазақ хандығы басқаруында әр рудың жері айқындалып, ру сұлтаны мен биі сайланып отырған.

жп

Өйткені жерсіз мемлекет болмайды.  Ал қазақ елінің тұтастығы руға бөлінген жерлерден басталады. Кешегі патша өкіметі қазақты жаулау үшін, алдымен рулардың жерлерін басып алуға тырысты. Кейін сол рулық жерлерді «патшаның иелігі» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай Орда тұсындағы қазақ руларын төмендегі сұлтандары мен билер басқарған:

  1. Шеркеш руы - сұлтаны Меңдігерей Бөкейұлы, ру биі-Кенжеғали Құрманқожаұлы.
  2. Ысық руы - сұлтаны Тәуке Бөкейұлы, ру биі- Жантөре Ақтанұлы.
  3. Адай руы- сұлтаны Артығали Нұралыұлы, ру биі- Әлкей Байұлы.
  4. Масқар, Есентемір, Таз руы - сұлтаны Әділ Шығайұлы. Ру биі: масқар -Шөре би, Есентемір - Жантуған би, Таз - Данан би.
  5. Жаппас руы - сұлтаны Өтепәлі Шығайұлы, ру биі - Бөлем би.
  6. Кердері, Тана, Табын руы - сұлтаны Сұлтан Нұралыұлы, үш рудың биі - Мұса би.
  7. Байбақты руы - сұлтаны Шөке Шығайұлы, ру биі - Қонажан би.
  8. Қызылқұрт руы- сұлтаны Көкеш Шығайұлы, ру биі - Жұбаныш би.
  9. Беріш руы - сұлтаны Зұлқарнай Жәңгірұлы, ру биі - Балқы би.
  10. Ноғай-Қазақ руы - сұлтаны Сақыпкерей Жәңгірұлы, ру биі - Шомбал Ниязұлы.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале