Бұл партия Ресейдегі 1905 жылғы қаңтар оқиғасынан кейінгі қозғалыстар нәтижесінде Жайық өңірінде құрылған алғашқы партиялардың бірі. Оны ұйымдастырушылар қатарында Б.Қаратаев, Ғ.Бердиев, М.Бақыткереев тағы басқа қазақ зиялылары болды.
1905 жылдың желтоқсан айында Орал қаласында қазақ облыстары өкілдерінің сиезі өтті. Оған Ә.Бөкейханов, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, М.Тынышпаев, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Бердиев, М.Бақыткереев, И.Тоқбердиев, Н.Ипмағамбетов, М.Мұханов, М.Рахымбердиев, Ү.Дүйсембин тағы басқасы қатысты.
Сиезде «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру туралы шешім алынып, бағдарламасы қабылданды.
Бағдарлама азаматтардың негізгі еркіндіктері, патшалықтың қалпы, халықтың өзін-өзі билеуі, сот, дін, жер, алыс-салық, жұмысшылар, мектептер, партия жұмысы туралы бөлімдерді қамтыды.
Бұл бүгінде Қазақстанның партиялар тарихында алғашқы құрылған партия және тұңғыш жарияланған ұлттық бағдарлама ретінде тарихта қалды десе де болады.
Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz