14.09.2023, 11:15
Оқылды: 94

Қазақ саяси элитасының көшбасшыларын білеміз бе?

ХХ ғасырдың басы қазақ қоғамында саяси элитаның қалыптасуына алғышарттар жасады. Оған себеп, 1905-1907 жылдардағы Ресейде орын алған орыс революциясынан кейінгі буржуазиялық-демократиялық идеялардың таралуы еді.

жп дала

Осы тұста Ресейдің Петербург және Москва қалаларында білім алған қазақ студенттері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, М.Тынышпаев, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Ж.Ақбай, М.Шоқай және басқалар қазақ қоғамының алғашқы саяси элитасының негізін қалады.

Осы кезде ұлт білімділері сол кездегі саяси ахуалды барлап, жүріп жатқан демократиялық процестерге сын көзбен қарап, қандай саяси ұйымнан үлгі алу, қандай саяси партияларды қолдау мәселесінде халыққа пікірлерін ашық жеткізіп отырды.

Айталық, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және Ж.Ақбаев бастаған саяси элиталық топ патша үкіметіне қазақ халқының атынан петиция ұйымдастырды.

Ол туралы Әлихан Бөкейханов: «Петицияда қазақтар үкіметке толық наразылық және сенімсіздік көрсетті, оның әрекетін және ұмтылысын айыптады. Сондықтан үкіметтің бағытына мүлдем қарама-қарсы талаптар қойдық. Қазақтардың құқын Ресейдің басқа халықтарымен теңестіруді талап еттік», - деп жазды.

Бұл дегенің ұлт элитасының қазақ бұқарасының мұң-мұқтажын ашық бейнелейтін алғашқы ресми қоғамдық-саяси пікірі еді.

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале