28.02.2024, 10:45
Оқылды: 26

Қазақ Ұлттық драма театры жаңа премьера сахналады

Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Мәңгілік бала бейне» қойылымының премьерасы сахналанады. Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

d1062c8e3c64f53b00aee912d37b5bcd_1280x720

Қойылым Семей ядролық полигонындағы сынақтардың зардабын бастан кешіп аман қалған халықтың өмірі туралы баяндайды.

Спектакльде атомдық тәжірибенің объектісіне айналған Қарауыл ауылындағы өмірдің ащы шындығы, мүгедек қыз Ляйла және оның әлеуметтік ортасы бейнеленеді... Кейіпкер – ауылдың адамгершілік барометрі, нұрлы сәулесі. Бірақ қыз адам қолымен жасаған азапты жеңе ала ма?

73e9df4d87868e682232b0a1e904f782_1280x720

Қойылым режиссері — Қазақ сахна өнерiн әлемдiк деңгейге көтеріп, мәртебесiн аспандатқан, сахналық шешiмдерiнiң тереңдiгiмен жаңашыл режиссер атанған өнер тарланы Болат Атабаев.

cd5e0a9c9bbea16a6f3d51882e82dacf_1280x720

М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сағат 18:30-да, үлкен залда өтетін «Мәңгілік бала бейне» қойылымының премьерасына барлық театрсүйер қауымды шақырады.

Фото: www.gov.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале