Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance Linpack) стандарты бойынша тәуелсіз тестілеуден өткен, яғни әлемдік деңгейде мойындалған есептеу өнімділігіне ие кластерлер ғана енгізіледі, - деп жазады Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
