17.06.2024, 17:15
Оқылды: 86

Қазақстан алғаш рет пара үстел теннисінен Паралимпиада лицензиясын жеңіп алды

Пара үстел теннисінен 8-ші санатта өнер көрсететін қазақстандық спортшы Али Махулбеков XVII жазғы Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

68C564C0-E52E-459E-8899-509FF6016C57

Суреттер: министрліктен

Али Махулбеков – пара үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Бұл – Паралимпиададан ел қоржынындағы 13-лицензия. Бұған дейін, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден үш жолдама, пара таэквондодан Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова, Нышан Өмірәлі және пара каноэдан Спатай Бибарыс пен Жаныл Балтабаева жолдама жеңіп алған болатын.

05E4A077-5505-460D-9C16-C3F44FB61DB1

Айта кетсек, XVII жазғы Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Парижде өтеді. Жарыс спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасуда. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале