Мәдениет майталманының мерейтойы
9 Желтоқсан 2022

Мәдениет майталманының мерейтойы

Ардагерлер фестивалі өтті
9 Желтоқсан 2022

Ардагерлер фестивалі өтті

Шыңғырлауда «Жомарт Жүрек – 2022» премиясы берілді
9 Желтоқсан 2022

Шыңғырлауда «Жомарт Жүрек – 2022» премиясы берілді

Қос ауылға - жаңа бағандар
9 Желтоқсан 2022

Қос ауылға - жаңа бағандар

Сессияның жұмысына үзіліс жарияланды
9 Желтоқсан 2022

Сессияның жұмысына үзіліс жарияланды

Кеңес мүшелерінің келісімі берілді
9 Желтоқсан 2022

Кеңес мүшелерінің келісімі берілді

Қазақстан әскерден қашқан ресейліктерді елдеріне қайтара ма – министр жауабы

Ресейдің әскери комиссариаттары азаматтарына іздеу салса, бұл оларды Ресейге табыстауға құқықтық негіз болмайды. ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осындай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220927151328444e

 «Қазақстан әскери мобилизациялаудан қашқан ресейліктер елдеріне қайтара ма?», - деп сұрады журналист Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Министрдің айтуынша, экстрадиялау шарасы қылмыстық іс қозғалған адамдарды ғана қамтуы керек.

«Бізде Ресеймен құқықтық көмек көрсету туралы – сотталғандарды алмасу және қылмыскерлерді экстрадициялау бойынша келісімшарт қатынасы бар. Ең негізгі қағидат – біз жақта да,ол тарапта да бұл қылмыстық жазаға тартылатын әрекет болуы керек. Оған қоса халықаралық іздеу жарияланған азаматты сұратып отырса, Қазақстан аумағында өзге кедергілер болмаса, анықтап, экстрадициялау тәртібі бойынша Ресей Федерациясына тапсырамыз»,- деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда Ресей тарапынан да, Қазақстан тарапынан да Минск конвенциясының аясында да, құқықтық көмек көрсетудің Парламенттер ратификациялаған келісімі аясында да күн сайын адам алмасу жүріп жатқанын атап өтті.

«Бұл жерде әскери мобилизация туралы әңгіме жоқ. Мен жұмылдыру туралы айтып отырған жоқпын. Тіркеліп, санкцияланған, халықаралық іздеу жарияланған қылмыстық заң бұзулар туралы айтып отырмын. Ресейдің әскери комиссариаттары іздеу салатын болса, бұл оларды Ресейге табыстауға құқықтық негіз болмайды», - деді министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале