26.02.2024, 21:00
Оқылды: 38

Қазақстан атынан төрт команда әлем чемпионатында Хьюсьтонда робототехникадан өнер көрсетеді

Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. 200-ден астам команда Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу чемпионаттарында үздік шығып, квота алған, - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

InShot_20240226_202059128Фото: t.me/oqu_agartu

Чемпионат дүниежүзілік FIRST бағдарламасы аясында үш жас санатында өтті: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Чемпионатқа роботтар ойынынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер сессиялары кіреді.

FLL Explore (6-10 жас) жас санатының қорытындысы бойынша американдық Хьюстонға жолдаманы елордалық Quantum STEM School «IQRobots» командасы жеңіп алды. I орынды Алматы қаласының Leas мектебінің «Очень умелые капибары» командасы, II орынды Екібастұз қаласының Robopark мектебінің «Billion team» командасы, III орынды Павлодар қаласының Сатурн мектебінің «Ренессанс» командасы иеленді.

10-16 жас аралығындағы FLL Challenge санатында Хьюстонға жолдаманы Шымкент қаласынан «Shym Side» командасы жеңіп алды. I орын – Астана қаласының БИЛ-нің «Stay Hydrated» командасының, II орын – Орал қаласының 125 High School мектебінің «Toro Doro» командасының, III орын - Семей қаласының БИЛ-нің «Ro Alemi» командасының қанжығасында.

12-18 жас аралығындағы FIRSТ Tech Challenge санатында Хьюстонға жолдаманы екі алматылық команда жеңіп алды: «Bolt.m3», РФММ және «Yaku» НЗМ ФМБ.

Дәл сол санатында Лондонда өтетін жарысқа алматылық НЗМ ФМБ-нен «Жамақаев» тобы, Алматы қаласы №124 мектептің «124» тобы және Алматы қаласының «Alem» инновациалық шығармашылық трталығының «PID» командалары жеңіп алды.

Сонымен қатар, Хьюстонға «Dean's list» үздік оқушыларының дүниежүзілік рейтингісіне сәйкес Астана қаласының «Quant» командасынан Алмат Айша және Алматы қаласының «124» командасынан Томирис Оңғарбек есімді оқушылар жеке шақыртулар алды. Сондай-ақ, бетпе-бет сұхбат нәтижелері бойынша қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқу үшін 28 грант бөлінді.

Central Asia FIRST Championship ұйымдастырушылары: ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен USTEM Foundation ҚҚ, Астана қаласының білім басқармасы және «Дарын» РҒПО.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале