7.07.2020, 10:41
Оқылды: 29

Қазақстан аумағына дәрі-дәрмекті әкелу тәртібі жеделдетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу процедурасы жеделдетілгенін мәлімдеді.

6A63880F-90A1-4D39-A572-3100BC64742C

«Біріншіден, Қазақстан Республикасының аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу үрдісін жеделдету жұмысын жоспарлаған едік. Қазір бұл нормативтік құжаттарға қол қойылды. Дәрі-дәрмек бүгінде жеңілдетілген тәртіппен қоймалардан бөлшектік компанияларға түсе бастады. Алдағы уақытта ол дәрі-дәрмектер дәріханаларға түседі. Яғни бұған дейінгі кедергіні еңсердік. Қысқа уақыттың ішінде керекті препараттар нарыққа түседі», - деді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар ол Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмек бағасын бақылау жұмысы күшейтілгенін мәлім етті.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале