23.09.2022, 19:00
Оқылды: 147

Қазақстан автокөлік өндірісінің көлемі 20%-ға дейін артады

Қазақстанда автокөлік өндірісінің көлемі артады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

a6ea8d31d5a248519365ef1515910c65

ҚР ИИДМ Индусриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов Қазақстанда автомобиль өнеркәсібіндегі жағдай түзелгенін атап өтті.

 Оның айтуынша, көліктердің қосалқы бөлшектерін жеткізуде бұдан былай кідіріс болмайды. Қазіргі уақытта негізгі жеткізушілер қаратында Қытай, Вьетнам, Корея және Ресей бар.
Ресейлік қосалқы бөлшектерді жеткізуде кідіріс болды. Бірақ біз кәсіпорынмен бірге жұмыс істеп, келісімшарттарды қайта жасадық. Қазір жеткізу қайта жалғасып жатыр. Биыл біз 100 мыңға жуық автокөлік шығаруды жоспарлап отырмыз, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15-20 пайызға жоғары болуы керек, – деді Ілияс Оспанов.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале