Қарыз туралы келісімді Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесі 2021 жылғы желтоқсанда мақұлдады. Ал тиісті жарлыққа Қазақстан президенті 2 шілдеде қол қойды. Өтеу мерзімі – 11,5 жыл, қосымша 2,5 жыл жеңілдік кезеңі.
Несиенің ұзақ мерзімді сипаты және пайыздық төлемдердің төмендеуі жалпы сыртқы қарыздың орташа өтеу мерзімін ұзарту және қарыз алудың орташа құнын төмендету арқылы елдің жалпы қарыз профилін жақсартады. Несие бойынша берілетін қаражат үкіметтің бюджеттік қажеттіліктерін қаржыландыруды қамтамасыз етеді, - деп мәлімдеді Дүниежүзілік банктің баспасөз қызметі.
Қазақстан Дүниежүзілік банк тобына кіргеннен бері өткен 30 жылда елге көрсетілген қолдау көлемі 8,6 миллиард доллардан асты.