8.10.2024, 9:00
Оқылды: 84

Қазақстан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын екі жүлдемен аяқтады

Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

IMG_7857

Сурет: Olympic.kz

Қазақстан командасы турнирде екі жүлдемен ерекшеленді. Қазақстандық спортшылар Талғат Орынбасар (60 келіге дейінгі салмақта) және Азат Күмісбай (81 келіге дейінгі салмақта) қола жүлдегер атанды.

Жалпы есепте отандық құрама 15-ші орынға табан тіреді. Бірінші орынды алты «алтын», бес «күміс» және бір «қола» алған Жапония құрамасы иеленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале