4.11.2021, 12:57
Оқылды: 220

Қазақстан экологиялық ахуалды жақсарту үшін не істеп жатыр

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев экологиялық ахуалды жақсарту үшін қандай шаралар жасалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23

«Жалпы, экологиялық ахуалды жақсарту үшін екі жылда келесідей жұмыстар атқарылды: жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бекітілді. Жағымсыз салдарды азайту үшін ұлттық заңнамамызға климаттың өзгеруіне бейімделу нормалары енгізілгенін ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ, Өңірлердің экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі жол карталары бекітілді», - деді министр Үкімет отырысында.

Министрлік пен кәсіпорындар арасында шығарындыларды 20-дан 30 пайызға дейін азайтуды көздейтін меморандумдар мен жол карталарына қол қойылған.

«Біз Жол карталарының 9 ай бойынша орындалуына талдау жүргіздік. Бұл ретте, биыл қарастырылған 95 іс-шараның 59-ы немесе 62 пайызы орындалды. Атап айтқанда, Атырау облысы мұнай өңдеу зауытында «Тухлая балка» тоған-булануын қалпына келтіруге кірістік. Маңғыстау облысында «Қошқар Ата» қалдық қоймасын жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Жол карталарын іске асыру мәселесі тұрақты бақылауда. Орындалмау қаупі бар іс-шаралар бойынша да әкімдіктер жұмысты күшейтуі қажет», - деді Серікқали Брекешев.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале