15.03.2022, 12:45
Оқылды: 48

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5 пайызға жеделдеді

Осы жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5 пайызға жеделдеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220315092216901e

«Осы жылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5 пайызға дейін жеделдеді. Аталған есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты сектор өсімнің жеделдеуі, сауда мен байланыста өсудің осы жылғы қаңтардағы төмендеуден кейін қалыпқа келуі, өндіруші емес секторлардағы инвестициялардың қарқынды өсуі байқалуда. Нақты сектордағы өсім 4,7 пайызды құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,1 пайызға дейін ұлғайды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, салалар арасында көлік және қоймалау, құрылыс, тау-кен өндіру өнеркәсібі, сауда, сумен жабдықтау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,6 пайызды құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 5,7 пайыз болды.

«Инвестициялар құрылыс саласында – 2,2, білім беруде – 2,2 есеге, мемлекеттік басқару; әлеуметтік қамсыздандыруда – 63, ғылыми және техникалық қызметте – 34, саудада – 32, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында – 19, өнер, ойын-сауық және демалыста – 18,7, көлік және қоймалауда 17,2 пайызға өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Қызылорда және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалуда», - деді Әлібек Қуантыров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале