15.03.2023, 16:15
Оқылды: 50

Қазақстан Елшісі Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Суане (Претория), 2023 жылғы 14 наурыз  Қазақстан Республикасының Елшісі Еркін Ахинжанов Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамапосаға сенім грамоталарын табыс етті, деп жазады ҚР Сыртқы істер министрлігі. 

04ddf8793903b04f0e4d2200ed2ec23b_1280x720

Салтанатты рәсім барысында Елші Е. Ахинжанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Астананың Преториямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге, соның ішінде сауда-инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы саяси диалог пен өзара іс-қимылды жандандыру арқылы мүдделілігін қуаттады.

Өз кезегінде, Президент С. Рамапоса өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге дайын екенін білдірді, сондай-ақ Елшіні ресми қызметке кірісуімен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға табыс тіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале