15.03.2023, 16:15
Оқылды: 278

Қазақстан Елшісі Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Суане (Претория), 2023 жылғы 14 наурыз – Қазақстан Республикасының Елшісі Еркін Ахинжанов Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамапосаға сенім грамоталарын табыс етті, деп жазады ҚР Сыртқы істер министрлігі. 

04ddf8793903b04f0e4d2200ed2ec23b_1280x720

Салтанатты рәсім барысында Елші Е. Ахинжанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Астананың Преториямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге, соның ішінде сауда-инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы саяси диалог пен өзара іс-қимылды жандандыру арқылы мүдделілігін қуаттады.

Өз кезегінде, Президент С. Рамапоса өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге дайын екенін білдірді, сондай-ақ Елшіні ресми қызметке кірісуімен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға табыс тіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале