«Қазақстан мен Еуроодақ алдында медицина және фармацевтика салаларындағы әріптестікті нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашылды. Біз өзара ынтымақтастыққа және алдымызда тұрған міндеттерді бірлесіп шешуге дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов.
Отырысқа қатысушылар сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, медициналық мекемелерді басқару, дәрі-дәрмектерге баға белгілеуді реттеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, сондай-ақ жалпы денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелерін талқылады. Шара аясында «сұрақ-жауап» сессиясы өтті, оның барысында орталық мемлекеттік органдардың өкілдері шетелдік әріптестердің қызықтырған тақырыптары бойынша сауалдарына жауап берді.
Отырысты қорытындылай келе, Премьер-Министр Үкімет алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жөніндегі қадамдарды әзірлеу және іске асыру үшін келіп түскен ұсыныстарды жедел қарайтынын атап өтті.