21.11.2024, 11:15
Оқылды: 56

Қазақстан карбондық егіншілікті дамыту жөніндегі бастаманы COP29-да ұсынды

Бакуде өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының 29-шы конференциясында Қазақстан карбондық егіншілікті дамыту жөніндегі бастаманы көтерді. Бұл туралы АШМ жазды.

IMG_2463

Суреттер: АШМ

Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясы шеңберінде өткен климат саласындағы іс-қимыл жөніндегі әлемдік көшбасшылар саммитінде сөйлеген сөзінде, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орнықты ауыл шаруашылығына көшудің маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы 200 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары бар Қазақстан «көміртекті егіншілікті», яғни қалдықтардың шығуын азайтуға және топырақ сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін аграрлық өндірістің әдістерін енгізу үшін тамаша алаң болып табылатынын атап өтті және мүдделі тараптарды елдің осы саладағы әлеуетін зерделеуге шақырды.

IMG_2464

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов «Қазақстандағы карбондық егіншілік: әлеуетін ашу» тақырыбындағы сайд-ивент барысында карбондық егіншілікті ілгерілетуде қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

«Қазақстанда карбондық егіншілікті дамыту жаңа технологияларды ғана емес, сондай - ақ заңнамалық пысықтауды талап етеді», - деп атап өтті Мұрат Теміржанов.

Халықаралық және ұлттық сарапшылар Қазақстанда көміртекті егіншілікті енгізу перспективаларын талқылап, Қазақстанның көміртекті егіншілік әдістерін енгізу бойынша көшбасшы болуға барлық мүмкіндігі бар екенін қорытындылады.

Бұл елдің технологиялық құрылымын жаңартуға және көптеген жұмыс орындарын құру үшін ықпалын тигізуі мүмкін.

Іс-шараны Министрлік ФАО-мен бірлесіп Қазақстан павильонында ұйымдастырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале