10.06.2024, 16:00
Оқылды: 32

Қазақстан құрамасы биологиядан халықаралық олимпиадаға қатысып жатыр

9-14 маусым аралығында қазақстандық құрама команда Өзбекстанның Бұқара қаласында өтіп жатқан биологиядан халықаралық олимпиадаға қатысып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

3EC65608-2E0E-49FB-9CDD-E66328E5C797

Олимпиада бірінші рет екі кезең бойынша өтуде. Бірінші тур – теориялық, мұнда тест тапсырмалары беріледі, екінші турда практикалық жұмыстар жүргізіледі.

Олимпиадада ел намысын қорғайтын қазақстандықтар:

• Ғалымжан Бақтыбай – Астана қаласындағы «Білім-инновация» дарынды ер балаларға арналған мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

• Амина Тынарбай – Қызылорда қаласындағы «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

• Нұртөре Төреханұлы – Өскемен қаласындағы «Білім-инновация» дарынды балаларға аналған облыстық мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушысы;

• Аружан Алмашова – Қызылорда қаласындағы «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

• Айғаным Балташова – Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;

• Рауан Есен – Тараз қаласындағы «Білім-инновация» дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

• Дана Амангелді – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

• Батыр Ержанұлы – Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі:

• Асқар Мәжікенов – магистр, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, биологиядан құрама команданың жаттықтырушысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале