17.07.2024, 15:15
Оқылды: 116

Қазақстан құрамасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына аттанды

Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында Қазақстан ұлттық құрамасын XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтті. Төртжылдықтың басты додасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтеді. Бұл жөнінде Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

D2B11ADA-091A-4242-87B7-611A300BCB61

Суреттер: Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Франция астанасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы спорттың 25 түрінен бақ сынап, 81 медаль жиынтығына таласады. Айта кету керек, Қазақстан Тәуелсіздік жылдарынан бері осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ.

Ресми іс-шарада Ермек Маржықпаев спортшылар және жаттықтырушылар құрамымен әңгімелесіп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі. Министр бұл оқиғаның еліміз үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

F8CAF5B8-4D23-4999-AC93-6A1E72186F2B

«Сіздердің алдыңызда елімізді Париж Олимпиадасында таныстыру, ел намысын абыроймен қорғау сияқты маңызды әрі өте жауапты міндет тұр. Сіздердің чемпиондық мінезіңіз, табандылығыңыз, жеңіске деген ерік-жігеріңіз, осы күнге дейін жиған тәжірибелеріңіз, жаттықтырушылардың, дәрігерлердің, массаж жасаушылардың қажырлы еңбегінің арқасында үлкен нәтижеге жететінімізге сенімдімін. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жазғы және қысқы Олимпия ойындарының 79 жүлдегерін, оның ішінде 15 Олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығарды. Олимпиададағы жетістіктер – бүкіл елдің әлемдегі имиджі, мемлекеттің әл-ауқатының көрсеткіші, ең бастысы, бұл – сіздердің көпжылдық және қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі!», - деді Ермек Маржықпаев.

A88E30EC-4F86-45FD-B9CA-7EA0DC2880A4

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары биыл алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енген брейкинг және бадминтон сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді. Брейкингтен ел намысын Әмір Закиров қорғаса, бадминтон сайысында Дмитрий Панарин бақ сынайды.

CE473BA5-9E4B-4099-8F74-B779A3FC0113

Олимпия ойындарының ашылу салтанаты 26 шілдеде Париждегі Сена өзенінде өтеді. Жарысқа 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале