11.05.2023, 11:16
Оқылды: 29

Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы өтті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен Қазақстан машина жасаушыларының XI форумында машина жасау саласының алдында тұрған сын-қатерлер мен саланы жан-жақты дамыту шаралары талқыланды, деп жазады Үкіметтің баспасөз қызметі.

35537867

Форумның пленарлық отырысына Президент Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлер әкімдіктерінің басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, шет мемлекеттердің өкілдері, кәсіпкерлер мен салалық сарапшылар қатысты.

Сөз басында Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқыды.

Өз кезегінде Премьер-Министр бүгінде Қазақстан елді индустрияландыру, экономиканы әртараптандыру және импортқа тәуелділікті төмендету саясатын жалғастырып жатқанын атап өтті.

3543452

«Өңдеу өнеркәсібінің локомотиві болып табылатын отандық машина жасау саласының дамуы Үкіметтің ұдайы назарында. Өткен жылы машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 9,4%-ға артса, осы жылдағы 4 айдың қорытындысы бойынша 36%-ға өсіп отыр», — деді Әлихан Смайылов.

Машина жасау өнімдерінің Қазақстандағы ішкі сұранысы $23 миллардты құрайды. Бүгінде оның $3,1 млрд-ы ғана отандық өндіріспен қамтылып отыр.

Сондықтан импортты алмастыру есебінен машина жасау өндірісін ары қарай дамытуға күш салу қажет.

«Біздің алдымызда қолжетімді қаржы құралдарын ұсыну, жаңа технологияларды енгізу, жергілікті қамтуды ұлғайту және экспортты дамыту арқылы машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті тұр», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале