26.03.2026, 15:45
Оқылды: 13

Қазақстан мектептерінде «Адал азамат» бағдарламасының бірыңғай дизайн-коды енгізілуде

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын көрнекі сүйемелдеу мақсатында заманауи брендбук әзірленді. Құжатта бағдарламаның негізгі құндылықтары мен идеясын айқындайтын көрнекі шығармашылық стильдер, түстер палитрасы, макеттер және мектеп кеңістігін заманауи форматта безендіруге арналған элементтер ұсынылған, - деп жазады Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.

_gluster_2026_3_26_23ba84af3a3e07c97f54e2d7764a33cf_1280x720

Бағдарлама мазмұнына сәйкес білім беру ұйымдары үшін бірыңғай дизайн-код қалыптастырылып, мектептердің ішкі кеңістігін брендбук талаптарына сай кезең-кезеңімен безендіру жұмыстары жүргізілуде. Дизайн-код мазмұнында бағдарламаның 6 негізгі құндылығын айшықтайтын безендіру үлгілері бар. Заманауи брендбук аясында пән кабинеттері оқушылардың жас ерекшеліктеріне және пән бағытына сәйкес безендірілуі қажет.

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес бастапқы кезеңде брендбук 530 білім беру ұйымында енгізіледі. Қазіргі уақытта 267 мектепте көрнекі элементтерді орналастыру жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта дизайн-код реновация бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілетін мектептерде енгізіліп, кейін кезең-кезеңімен еліміздің барлық білім беру ұйымдарына таратылатын болады.

Айта кетейік, брендбук динамикалық құжат болып табылады және білім беру ұйымдарының ерекшеліктеріне сәйкес үнемі толықтырылып, жетілдіріліп отырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале