2023 жылы 3 қаңтардан бастап қатарлық авиакомпания Алматы және Доха қалалары арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Екі ел арасында ұшақ күнделікті қатынайтын болады.
Әуекомпания 2023 жылы көктем мен жазда Астана мен Доха арасында рейс ашуды жоспарлап отыр.
Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Қатар арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді.