Мәжіліс Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Тараптар оған 2022 жылы 22 желтоқсанда Ташкентте қол қойған.
Сурет: видеодан скрин
Келісімді ратификациялау елдерге орман алқаптарын қалпына келтіруге, сондай-ақ топырақ пен өсімдік жабынының тозуына қарсы күресте ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоршаған ортаға трансшекаралық әсер ететін төтенше жағдайларда тараптардың бірлесіп әрекет етуі көзделген.
Бұдан бөлек келісім Арал бассейніндегі экологиялық ахуалды жақсарту бойынша бірлескен іс-шаралар әзірлеуге бағытталған.
Сонымен қатар құжатта елдердің шекара маңындағы аумақтарында қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат алмасу регламентін әзірлеу, қоршаған ортаға трансшекаралық әсер ететін төтенше жағдайлар туралы өзара хабардар етудің жұмыс тетігі жасалады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан бірлескен комиссиясы құрылады.