4.06.2026, 17:30
Оқылды: 37

Қазақстан мен Рамсар конвенциясы сулы-батпақты алқаптарды сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды талқылады

Жаһандық экологиялық қордың 8-ші Ассамблеясы аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар жөніндегі Рамсар конвенциясының Атқарушы хатшысы Мусонда Мумба ханыммен кездесуі өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жазды. 

_gluster_2026_6_4_d97003f9c68cc0234866439d541b60d3_1280x720

Кездесу барысында Қазақстан мен Рамсар конвенциясының Хатшылығы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктері талқыланды. Атап айтқанда, ұлттық және өңірлік бастамаларды ілгерілету, трансшекаралық сулы-батпақты алқаптар, экологиялық дәліздер мен құстардың көші-қон жолдарына қатысты жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ маңызды экожүйелер мен сулы-батпақты алқаптарды сақтау мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, БАӘ астанасында өтетін БҰҰ-ның Су ресурстары жөніндегі конференциясы алаңында Халықаралық су ұйымын құру бастамасы аясында су ресурстарын тұрақты басқару мәселелері бойынша диалогты жалғастыру ұсынылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале