25.08.2022, 12:45
Оқылды: 43

Қазақстан мен Үндістан әскери саладағы ынтымақтастықты талқылады

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі аясында Қазақстанның қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Үндістан қорғаныс ведомствосының басшысы Раджнатх Сингх екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220825083852837e

ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім еткендей, тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық, бітімгерлік қызмет, кадр даярлау және әскери білім беру мәселелерін талқылады.

«Қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты негізде де, халықаралық форматтар шеңберінде де екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалап, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 24 тамызда Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі басталды.

Уuz.uz порталының мәліметінше, кеңеске ұйымға мүше елдердің және бақылаушы мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының өкілдері қатысып жатыр.

2208250838091288g

Кеңес күн тәртібіне сәйкес, делегациялар әскери саладағы бірқатар мәселені талқылайтын болады.

ШЫҰ қорғаныс министрлерінің бұған дейінгі кездесуі 2021 жылы 28 маусымда Тәжікстанда өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале