8.06.2023, 10:15
Оқылды: 32

Қазақстан мүгедек арбасындағы теннистен алғашқы табысына қол жеткізді

Италияның Альгеро қаласында мүгедек арбасындағы теннистен ITF UNIQLO WHEELCHAIR TENNIS TOUR сериясы бойынша өткен халықаралық турнирде Қазақстан алғашқы табысына қол жеткізді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

kazakstan_mugedek_ar_1686039065

Мүгедек арбасындағы теннистен қазақстандық спортшылар бірінші рет халықаралық додада бақ сынады.

Ел намысын қарағандылықтар Евгений Быков пен Федор Старыгин және ақтөбелік Дастан Ниязов қорғады.

Д.Ниязов финалға дейін жетіп, соңғы бәсекеде италиялық Алессандро Палонға жол берді – 1:6, 1:6. Ол жарыс барысында алдымен швейцариялық Дэвин Рюшті тізе бүктірді – 6:4, 6:1. Содан кейін ширек және жартылай финалда италиялық теннисшілерді ұтты.

Евгений мен Федор ширек финалға дейін жетті.

Қазақстан теннис федерациясы 2022 жылдан бастап мүгедек арбасындағы теннисті дамытуды қолға алған болатын. Алғаш рет Қазақстан чемпионаты мен кубогі өткізілді. Мүгедек арбасындағы теннис ресми түрде паралимпиялық спорт түрі болып саналады. Осы бағытта төрт «Үлкен дулыға» турнирі және ITF Wheelchair Tennis Tour ITF Wheelchair Tennis Tour жарыстары ұйымдастырылып келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале