Қазақстан орнықты даму саласындағы жаһандық күн тәртібіндегі өз ұстанымын нығайтуды жалғастыруда. 2026 жылғы Орнықты даму жөніндегі есептің (Sustainable Development Report) қорытындысына сәйкес, еліміз Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу индексі бойынша 169 мемлекеттің ішінде 67-орынға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 3 сатыға жоғарылады. Еске салсақ, 2025 жылы Қазақстан 167 елдің ішінде 70-орында болған. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз орталығы хабарлаған.

Фото: gov.kz
2026 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстан G20 елдерінің бірқатарын, оның ішінде Индонезия, Мексика, Түркия, Үндістан және Сауд Арабиясын басып озды.
Мысалы, ең маңызды жетістіктердің бірі ретінде ОДМ 6 «Таза су және санитария» бағыты бойынша қол жеткізілген ілгерілеуді атап өтуге болады. Халықтың базалық ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 95,4%-дан 97,8%-ға дейін артты, тұщы су алу көлемі азайды, сондай-ақ өндірісі су тапшылығы байқалатын су ресурстарын пайдалануды талап ететін импортталатын тауарлардың құрамындағы су көлемі қысқарды.
Сонымен қатар, әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, инновациялық қызметті ынталандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру сияқты ОДМ-ның негізгі бағыттары бойынша тұрақты ілгерілеу байқалады. Бұдан бөлек, Қазақстан ОДМ-ды мемлекеттік саясатқа ықпалдастыру жөніндегі SDSN сараптамалық сауалнамасына енгізілген Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет атанды.
Жаһандық рейтингтегі позицияның жақсаруы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін және орнықты, инклюзивті әрі ұзақ мерзімді даму қағидаттарына бейілділікті растайды.