Оралда «Қазақстан барысының» облыстық кезеңі өтуде
7 Мамыр 2021

Оралда «Қазақстан барысының» облыстық кезеңі өтуде

Бүгінгінің батырлары сап түзеді
7 Мамыр 2021

Бүгінгінің батырлары сап түзеді

Депутат сыйы
7 Мамыр 2021

Депутат сыйы

Бәйтеректіктер Отан қорғаушылар күнін ерекше форматта мерекеледі
7 Мамыр 2021

Бәйтеректіктер Отан қорғаушылар күнін ерекше форматта мерекеледі

Мерекеде бөрліліктер баспаналы болды
7 Мамыр 2021

Мерекеде бөрліліктер баспаналы болды

Қырандай қырағы шекарашыларды құттықтады
7 Мамыр 2021

Қырандай қырағы шекарашыларды құттықтады

30.10.2020, 10:05
Оқылды: 150
Қазақстан Президенті Солтүстік экономикалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумда сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік экономикалық ынтымақтастық – 2020 Халықаралық форумында бейне үндеу жасады. «COVID-19-дан кейінгі жаһандық өзгерістер және солтүстік экономикалық ынтымақтастықтың келешегі» тақырыбындағы шара бүгін Сеул қаласында басталды, деп хабарлайды Ақорда.

0DA5224A-25EF-4116-B6C3-FAE76A39803C

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Ин бастамашы болған және соңғы үш жылдың ішінде өзінің өзектілігі мен өміршеңдігін дәлелдеген «Жаңа Солтүстік саясат» стратегиясын жоғары бағалап, Оңтүстік Корея басшысының өркендеген, өзара байланысы мығым және тұрақты Еуразия құру көреген идеясын құптады. Қазақстан Президентінің пікірінше, қазіргідей әлем коронавирус пандемиясының теңдессіз тегеуріндеріне тап болған кезде саяси жігер мен экономикалық сана синергиясы ерекше мәнге ие. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың ортақ құндылықтарға, өзара қолдау мен тығыз байланыстарға негізделгенін айта келе, елімізде өмір сүріп жатқан, достықтың «алтын көпірі» саналатын жүз мың корей қауымдастығының екі ел арасындағы қарым-қатынасқа қосқан үлесін атап өтті. – Кореяның Қазақстан экономикасына жасаған инвестициясы 7 миллиард доллардан асты. Жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, екіжақты тауар айналымы артты. Орталық Азияның барлық бес елінің ортақ жалпы ішкі өнімнің 70 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Корей мемлекеті жетекші инвесторлардың арасындағы 10-орынға ие. Бұл ретте, өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары жалғастырудың әлі де пайдаланылмаған үлкен әлеуеті бар, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті 2019 жылдың сәуір айында Мун Чжэ Иннің елімізге жасаған тарихи сапары екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа белесін ашты деп санайды. Сапар аясында қол қойылған «Самал жел» бағдарламасы қазақ-корей экономикалық, сауда және мәдени жан-жақты байланыстарды жандандыруға бағытталған. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал жел» бағдарламасы мен «Жаңа Солтүстік саясат» стратегиясы «Цифрлы Қазақстан», «Нұрлы жол» секілді ұлттық бағдарламаларда белгіленген стратегиялық міндеттерге сәйкес келетінін айтты. Мемлекет басшысы әлемдегі ұзаққа созылған мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқанын айтып, Қазақстан үшін әртараптандырылған және тұрақты экономика құрудың ерекше маңызды екенін атап өтті.

– Осыған байланысты мен Жаңа экономикалық бағыттың бастамашысы болдым. Бұл бағыт құрылымдық реформалармен ғана емес, сондай-ақ барынша қарқынды әрі мықты мемлекет құрумен байланысты. Қазақстан корей инвесторлары үшін арнайы әзірленген құралдарды ұсынуға әзір. Бұл ретте, салық және кеден артықшылықтары, жобаларды қоса қаржыландыру, экспортты қолдаудың ішінара кепілдіктері мен тетіктерін айтуға болады, – деді Президент. Мемлекет басшысы ағылшын құқығы бойынша қызмет көрсететін «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін де сөз етті. Президент бұл орталықтың шетелдік бизнеске арналған экожүйесінің бірегейлігін ерекше атап өтті. Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына жұмыстың табысты, ал Оңтүстік Корея Президенті мен Үкіметінің игі бастамаларының сәтті болуына тілектестік білдірді.

zhaikpress.kz

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

13.04.2021, 9:20

Мемлекет басшысы індетке қарсы екпе алды

Мемлекет басшысы індетке қарсы екпе алды

6.04.2021, 20:13

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

1.03.2021, 10:22

Қасиет қонған қара жер – жанға қоныс, нанға егіс, малға өріс

Қасиет қонған қара жер – жанға қоныс, нанға егіс, малға өріс

18.02.2021, 16:43

Қазақстанда 800 жаңа мектеп салынады

Қазақстанда 800 жаңа мектеп салынады

25.11.2020, 11:43

Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты

Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты

19.11.2020, 8:59

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

5.11.2020, 15:23

Қазақстан бір айда 860 мың тоннадан астам астық пен ұн экспорттады 

Қазақстан бір айда 860 мың тоннадан астам астық пен ұн экспорттады 

5.11.2020, 10:37

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Қауіп келтірмейтін қылмыс жасағандарға амнистия жүргізіледі

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Қауіп келтірмейтін қылмыс жасағандарға амнистия жүргізіледі

29.10.2020, 15:40

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді

29.10.2020, 14:57

Жолдау жүктеген маңызды міндет: Сындарлы кезеңде жауапты міндеттер айқындалды

Жолдау жүктеген маңызды міндет: Сындарлы кезеңде жауапты міндеттер айқындалды

22.10.2020, 11:20

Қазақстан Президенті қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың өкілдерімен кездесті

Қазақстан Президенті қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың өкілдерімен кездесті

30.09.2020, 15:28

Президент Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумының қатысушыларына құттықтаухат жолдады

Президент Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумының қатысушыларына құттықтаухат жолдады

17.09.2020, 10:13

«Оралман» сөзін ауыстыру туралы бұйрық шықты

«Оралман» сөзін ауыстыру туралы бұйрық шықты

3.09.2020, 16:54

Жаңа жағдайдағы Қазақстан. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жаңа жағдайдағы Қазақстан. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

1.09.2020, 14:05