Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Гуманитарлық көмекті жөнелтуге Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр М. К. Пішембаев қатысты.
Гуманитарлық жүктердің құрамына консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары кірді.
Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арқылы Алеппо қаласына төрт рейспен жіберілетін болады.
ТЖМ Сирия үкіметі мен халқына көңіл айта отырып, өз қолдауын көрсетеді.
Гуманитарлық көмекті ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері тиеді.