Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким қызметінен кететінін мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz.
Сурет: Olympic.kz
Париж Олимпиадасында қазақстандық таеквондошылар жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.
Федерация басшысымен бірге вице-президенттер Қанат Сағынаев, Шадияр Кондыбаев, Арман Шылманов және бас хатшы Олжас Бесбаев та қызметтерінен кетеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы бапкерлер құрамын таратқан болатын.