18.04.2022, 16:15
Оқылды: 44

Қазақстан ТМД бойынша зейнетақыны тамаққа ең аз жұмсайтын ел

Қазақстан зейнеткерлерінің азық-түлікке жұмсайтын шығын көрсеткіші бойынша 44 елдің арасында 37-орында, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz сілтеме жасап хабарлайды.

210827160117151a3829232i

«Азық-түлік бағасы мен зейнетақы көлемінің ара қатынасы есепке алынған рейтинг бойынша Қазақстан 44 мемлекеттің ішінде 37 орында тұр. Қазақстандық зейнеткерлер зейнетақысының 47,2%-ын тамаққа жұмсайды», - деп жазылған материалда.

ТМД-ға мүше саналатын өзгеелдерде бұл көрсеткіш біздегіден көп.

«Ресейде зейнетақының 58,9%-ын, Молдовада 59,2%-ын, Беларусьте 76,7%-ын, Украинада 84,9%-ын тамаққа жұмсайды», -деп жазады Finprom.kz.

Ал әлемде бұл көрсеткіш бойынша ең үздік мемлекет – Норвегия. Мұнда зейнеткерлер зейнетақысының 13,4%-ын ғана азыққа жұмсайды. Екінші орындағы Австрияда бұл көрсеткіш 13,7%болса, үшінші орындағы Францияда 14,3%.

Әлемдегі зейнетақы мөлшері ең жоғары мемлекет те Норвегия. Бұл елде орташа зейнетақы мөлшері - 2017 доллар. Ал Швейцарияда орташа зейнетақы мөлшері 1913 доллар, АҚШ-та 1663 доллар.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 245,6 мың адамнан асады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале