13.02.2025, 16:45
Оқылды: 242

Қазақстан – ТМД-да отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің кешенді моделін енгізген бірінші ел

Елде отбасын қолдау орталықтары институты заңнамалық түрде енгізілді, өңірлерде осындай 48 орталық ашылды. Отбасын қолдау орталықтары барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын үйлестіреді. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі жазды. 

ррррррр

Сурет: opennews.kz

«ІІО-ның жаңа бөлімшесінің қызметкерлері өз қызметінің бекітілген қағидалары шеңберінде осы орталықтармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды.
Бірлескен жұмыс құрбандарды кешенді қорғауға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және агрессорларды оңалтуға бағытталған», - деді ҚР ІІМ ӘПК Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі басқарманың бастығы полиция подполковнигі Ақмарал Серікбаева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Спикердің айтуынша, Қазақстан - ТМД-да отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің осындай кешенді моделін енгізген бірінші ел.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале