9.12.2022, 10:00
Оқылды: 43

Қазақстан Үкіметінің басшысы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп жазады ҚР Премьер-Министрі сайты.

5 (3)

Суреттер: ҚР Премьер-Министрі сайтынан

Отырыста 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Корпоративтік басқару кодексінің жобасы, сондай-ақ Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің кейбір мәселелері қаралды.

Осы жылы «KAZAKH INVEST» қолдауымен жалпы сомасы $4,1 млрд-қа шетелдіктердің қатысуымен 45 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде Ұлттық компания 1952 өтініш өңдеп, инвесторлардың қызметіне қатысты визалық мәселелер, инвестициялық преференциялар және заңнама бойынша консультациялар берген.

3 (3)

Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша шетелдік компаниялар үшін Қазақстан өңірлеріне 212 іс-сапар ұйымдастырылды, олардың шеңберінде салалық министрліктермен, әкімдіктермен, квазимемлекеттік сектормен, қаржылық даму институттарымен, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар 13 ірі инвестициялық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале