13.06.2024, 15:47
Оқылды: 82

Қазақстан велошабандоздары Азия чемпионатында көш бастады

Алматы қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

аааааа

Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша жалпыкомандалық есепте Азия чемпионатында 1-ші орын алды. Ал Қытайдың Тайпэй елі екінші, үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді.

Құрлық додасында ел намысын андер және элита  санатында 18 спортшы қорғап, 4 алтын, 2 күміс, 4 қола иеленді. Атап айтсақ, командалық аралас эстафетада (элита), уақытқа жарыстың жекелей сынында Николя Винокуров (андер), Евгений Федоров (элита), топтық сайыста Ақпейіл Өсім (андер) чемпион атанды. Андрей Ремхе (андер), Дмитрий Груздев (элита) күміспен күптелсе, 20 шақырымдық қашықтықта Ақпейіл Өсім мен Рината Сұлтанова (элита), топтық жарыста Елизавета Склярова (андер), Евгений Федоров қолаға қол жеткізді.

«Бүгін қола жүлде бұйырып тұр екен. Соңына дейін барымды салдым. Бірақ сәттілік жетпеді. Жүлдемді халқыма арнаймын», - деді Евгений Федоров.

Азия чемпионатына барлығы 30 елден 450-ге жуық спортшы қатысты.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале