19.01.2022, 16:15
Оқылды: 63

«Қазақстан халқына» қоры: Ең алғашқы қайырымдылық көмек кімдерге көрсетіледі

«Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев қор жұмысы туралы айта келе, ең алдымен кімдерге көмек көрсетілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4

«Әрине, қор халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында жұмыс істейді. Дегенмен бір қорға сенім артып, содан елдің жағдайы жақсарып кетеді деген қате түсінік. Біз мемлекеттік органдар іске асырып жатқан әлеуметтік қолдау шараларын қайталамаймыз. Қазір біз ұйымдастыру жұмысымен айналысып жатырмыз. Сонымен қатар алғашқы көмек беру шарасын да қолға алдық. Біздің алғашқы қайырымдылық жобамыз - жаппай тәртіпсіздік кезінде қызмет барысында қаза болған құқық қорғау және әскерилердің отбасына көмек. Және ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсеткіміз келеді. Бүгінде жұмыс осы бағытта жүріп жатыр. Әрине, мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр, дегенмен қолдау жағы жетпей жатқан жандар да баршылық», - деді Болат Жәмішев «Хабар 24» арнасының «Ошакбаев LIVE» телебағдарламасының эфирінде.

Сондай-ақ, эфир қонағы қордың штатына қатысты түсінік берді.

«Қордың штаты үлкен емес, бар-жоғы 25 адам. Ескеретін жайт, қорға күніне елдің түкпір-түкпірінен қаншама қаражат түсіп жатыр. 25 адам оның бәріне есеп жүргізе алмайды. Сондықтан біз өңірлер бойынша қоғамдық қайырымдылық ұйымдарымен бірігіп жұмыс істейтін боламыз. Біз оларды қаржыландырмаймыз, тек серіктес ретінде жұмыс істейміз. Яғни аталған қоғамдық ұйымдар бізге көмекке мұқтаж жандар мен олардың құжаттарын рәсімдеп береді. Ал біз бәрін тексеріп, қайырымдылық жасау туралы шешім қабылдаймыз», - дейді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале