21.01.2022, 11:40
Оқылды: 47

«Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесі ақша аударуға мәжбүрлеуге қарсылықтарын білдірді

20 қаңтарда «Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Отырыста қайырымдылық қоры қызметінің тұжырымдамалық мәселелері талқыланды. деп хабарлайды «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

03AD9DEC-B559-4D47-98DE-4969D6FA904C

Қамқоршылық кеңес мүшелері Қордың халықпен өзара іс- қимыл тетіктеріне, Қазақстандықтардың Қорға қалай жүгінетініне, өтінімдер қалдыруына басты назар аударды. Қор сондай-ақ қайырымдылық ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен және қайырымдылық көмек көрсетуге тартылған басқа да ұйымдармен ынтымақтастық форматын айқындауы тиіс. Өзара іс-қимылдың негізгі құралы Қордың электрондық порталы болғаны дұрыс. Оңтайлы шешім қабылдау үшін «Қазақстан халқына» қоры қызметінің тұжырымдамасын әзірлейтін жұмыс тобы құрылды.

Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері қызметкерлерді, ең алдымен мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік сала қызметкерлерін бір күндік жалақыны аударуға мәжбүрлеу жағдайлары туралы өз пікірлерін білдірді. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері осы тәжірибемен үзілді-кесілді келіспейтіндіктерін айтты. «Біз барлық қазақстандықтарға үндеу жасаймыз және «Қазақстан халқына» қоры тек жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтарынан қалыптастырылатынына тағы да назарларыңызды аударамыз.

Сонымен қатар, біз Қорға өз үлестерін қосқан қазақстандықтар мен ұйымдарға алғыс айтамыз және өз тарапымыздан көмектің мұқтаж адамдарға жететініне кепілдік береміз», - деп атап өтті Қамқоршылық кеңесінің мүшелері.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 16-19 қаңтар аралығында (қоса алғанда) Қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29.3 млн теңге түсті. 75 заңды тұлға мен ірі кәсіпкерлерден 19.2 млрд теңге түсті.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале