Елімізде 1 маусымнан бастап жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты тек онлайн рәсімделеді, бұған дейін қызмет ақысын төлеу және дайын құжатты алу үшін ХҚКО-ға бару қажет болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сурет: istockphoto.com
Қызметтер онлайнға көшеді
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлауынша, жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық паспортын және кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру қызметтері жаңартылды. 2026 жылғы 1 маусымнан бастап аталған қызметтерді ХҚКО операторлары арқылы алу мүмкін болмайды.
Қызмет көрсету үдерісі толықтай онлайн форматқа көшірілді. Өтініш беру кезінде төлем жасалады, ал дайын техникалық паспорт немесе кадастрлық паспорттың телнұсқасы eGov.kz порталындағы пайдаланушының жеке кабинетінде орналасқан «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне автоматты түрде жүктеледі. Қызмет көрсету мерзімі жылжымайтын мүлік нысанының түріне байланысты белгіленеді.
«Жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық паспортын беру» қызметі eGov mobile қосымшасында да қолжетімді. Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин енді техникалық паспорт алу үшін төлемді бөлек жасап, ХҚКО-ға барып жүрудің қажеті жоқ екенін айтты.
Не істеу керек?
Ол үшін пайдаланушы:
Қазақстанда қандай қызметтер онлайн көрсетіледі?
Қазірдің өзінде бірқатар қызметтер толық цифрландырылған. Олардың қатарында: