23.11.2022, 14:47
Оқылды: 117

Қазақстанда 14,9 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 957 шетел азаматы еңбек етеді, деп жазады Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтында.

енбек

Сурет: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтынан

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар. Басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 576 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 029 рұқсат (екінші санат). Қызметкерлердің негізі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санатқа жатады. Олардың саны - 7 715 және 856 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 241 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 540 адам алынған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдіктерді 1 719 жұмыс беруші жұмысмен қамтып отыр. Оларда 399 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 910 адам (40%). Ал тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1 419 адам (10%),  ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1 146 адам (8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 1 081 адам (8% ), өңдеу өнеркәсібінде –  995 адам (7%).

Еңбек мигранттары негізінен Қытайдан – 3 500 адам, Үндістаннан – 1 731 адам, Түркиядан – 1 642 адам, Өзбекстаннан – 1 344 адам, Ұлыбританиядан – 1 112 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Биыл қаңтар айында еңбек министрлігі шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 21 097 бірлікке дейін, яғни 7 255 бірлікке (25%) қысқартқан.

 

zhaikress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале