1.10.2024, 9:30
Оқылды: 49

Қазақстанда 20 млн тонна астық бастырылды

Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 13,6 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,8 ц/га болғанда 20 млн тоннадан астам астық бастырылды. Бұл туралы АШМ-нан хабарлады.

DEDED7F9-6C7A-4579-AD13-A45349412285

Сурет: pixabay.com

Осылайша, бидай 10,7 млн га алқапта жиналды, өнімділігі 14,2 ц/га кезінде 15,2 млн тонна бастырылды, арпа - 1,9 млн га, өнімділігі 16,7 ц/га кезінде 3,3 млн тонна бастырылды, сұлы - 158,2 мың га, өнімділігі 15,8 ц/га кезінде 250 мың тонна бастырылды.

Ағымдағы жылы майлы дақылдар 494 мың га алқаптан жиналды, орташа түсімділігі 11,5 ц/га 568 мың тонна бастырылды.

95 мың га алқаптан өнімділігі 233,8 ц/га болған кезде 2,2 млн тоннаға жуық картоп жиналды, көкөніс дақылдары 100,1 мың га жиналды, өнімділігі 248,2 ц/га болған кезде 2,4 млн тоннадан астам жиналды.

Бақша дақылдары 97,8 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 264,1 ц/га, жалпы түсімі 5 млн тоннадан асты.

Жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинау комбайны, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың бірлік тартылған.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале