5.06.2024, 14:30
Оқылды: 70

Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынады

Енді энергетикалық сусындарды сатып алу үшін азаматтардың жасы 21-ден асқан болуы керек.

EF53C458-23D9-4B46-B20B-21ABA8CB6CC3

Сурет: Pixabay.com

Сусындарды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады.

Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады.

Сонымен қатар Үкіметтің ұсынысымен енгізілген қосымша өзгерістерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале