Қазақстанда бүгінгі таңда коронавирустық инфекциядан 3 213 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасы.
Емделіп жатқандардың арасында 73 сәби бар. Стационарларда 1 806 науқас жатыр, 1 407 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 89 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер