17.03.2022, 10:00
Оқылды: 45

Қазақстанда 34 526 жүкті әйел «Pfizer» вакцинасын салдырды

2022 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 913 862 адам, ІІ-ші дозасын 724 179 адам салдырды.

210423145041169a3780098i

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Вакцина алғандардың ішінде:

І-ші компонентті 756 383 жасөспірім, 34 526 жүкті әйел, 119 965 бала емізетін әйел салдырған.

ІІ-ші компонентті 605 319 жасөспірім, 26 671 жүкті әйел, 92 121 бала емізетін әйел салдырған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале