6.05.2022, 9:49
Оқылды: 88

Қазақстанда 7 мың жұмыскердің жалақы қарызы 1,6 млрд теңгеге жеткен

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 4,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15

1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 333 кәсіпорнында 7 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 689 млн теңгеден астам сомаға жалақы берешегін анықтады.

Осы кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 204 нұсқама беріліп, 40 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 4,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.

Оларға 1 млрд 430,7 млн теңге төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале