8.11.2024, 15:45
Оқылды: 123

Қазақстанда сегіз медициналық анықтама толық цифрлық форматқа ауыстырылды

Медициналық құжаттар мен анықтамаларды қағаз жүзінде алу үшін көптеген азаматтар емханаға барып, кезекке тұрады. Олар оны мемлекеттік органдарға, жекеменшік кәсіпкерлерге, мемлекеттік емес органға тапсырады. Кейбір кезде заңсыз берілген құжаттар мен анықтамалар анықталып жатыр. Осыны болдырмау үшін бірінші кезекте 8 анықтама цифрлық форматқа ауыстырылды. 

IMG_1212

Сурет: ОКҚ

«Алайда, тежегіш факторлар анықталып, оларды жою үшін 100% цифрлық форматқа ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Интегарция арқылы азаматтар қағазды алып жүрмейтін болады, мекемелерге тек қана цифрлық форматта анықтама жеткізіліп отырады. Ол 2024-2025 жылдары жүзеге асырылады», - деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ алаңында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале