Қазақстан Президенті Халыққа Жолдауында мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдісін енгізетінін айтты.
- Жаңа әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтады. Мен ең төменгі жалақыны 60 мыңнан 70 мың теңгеге көтеруді шештім. Бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді.
Зейнетақы жүйесін қайта іске қосу қажет. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарысын 120%-ға дейін жеткізу қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар мемлекет басшысы әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітілетінін мәлімдеді. Мұнымен қоса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясы әзірленбек.
zhaikpress.kz