1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай алғаш рет ҚР оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндерінің фестивалі басталды.
Фестивальдің басты мақсаты – балалар әндерін қазақ тілінде насихаттау және тарату.
Фестиваль ақпан-мамыр айлары өтеді. Қатысушылар #ӘНШУАҚ хэштегімен Tik-Tok әлеуметтік желісінде қазақ тіліндегі балалар әндерінің жанды орындалған бейнесін (түпнұсқа аудио) орналастыруы керек. Кез келген автор мен композитордың, оның ішінде қазақ тіліне аударылған балалардың әндерін қазақ тілінде орындайды. Жас орындаушының бірнеше әнді айтуына болады.
Фестиваль аясында барлық білім беру мекемесіндегі 6-17 жас аралығындағы білім алушы әндерді жеке немесе дуэт, трио, квартет, хор болып орындап, #ӘНШУАҚ хэштегін жазып, Tik-Tok әлеуметтік желісіне видео жүктейді.
Байқауға батысқазақстандық оқушылар да белсенді қатысып жатыр.
Tik-Tok әлеуметтік желісінде ең көп қаралымға ие болған, қазақ тіліндегі танымал балалар әндерін орындаған ең үздік деп танылған жас өнерпаз 2024 жылғы 1 маусымда Астана қаласында өткізілетін «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндері фестивалінің гала-концертіне шақырылады.
Гала-концертке шақыру алған оқушыларға диплом, бағалы сыйлық және «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама беріледі.
Асылзада Төлегенова,
«Дарын» қосымша білім орталығының
педагог-ұйымдастырушысы