
ХҚКО-лар азаматтарды 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
6 шілде (дүйсенбі) – ресми мереке күні. Астана күніне байланысты елдегі барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді.
7 шілде (сейсенбі) мемлекеттік органдар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.
"Азаматтарға арналған үкімет" филиалдар жұмысын нақтылау үшін бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін нөміріне хабарласуға болатынын еске салды.
Қазақстандықтар Астана күніне орай 2026 жылы неше күн демалады?
6 шілдеде Қазақстанда Астана күні атап өтіледі. Бұл мемлекеттік мереке және ресми демалыс күні болып саналады. 2026 жылы ол дүйсенбіге сәйкес келеді, сондықтан кейбір қазақстандықтар шілденің басында ұзағырақ демалады.
Бес күндік жұмыс аптасында кесте келесідей болады:
4 шілде (сенбі) — демалыс күні;
5 шілде (жексенбі) — демалыс күні;
6 шілде (дүйсенбі) — мерекелік демалыс.
Осылайша, кейбір қазақстандықтар 4–6 шілде аралығында үш күн қатарынан демалады.
Алты күндік жұмыс кестесінде жағдай сәл өзгеше болады:
4 шілде (сенбі) — жұмыс күні;
5 шілде (жексенбі) — демалыс күні;
6 шілде (дүйсенбі) — мерекелік демалыс.
Бес күндік жұмыс аптасы кезінде 2026 жылдың шілдесінде 22 жұмыс және 9 демалыс күні болады. Алты күндік кесте бойынша — 26 жұмыс және 5 демалыс күні.
Бұған дейін шілдеден бастап Алматыда екі кезекші ХҚКО мен екі кезекші мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейтіні хабарланған болатын.