6.09.2024, 12:00
Оқылды: 89

Қазақстанда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада басталады

4 қыркүйектен бастап ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші Республикалық олимпиадаға тіркелу ашылды. Өтініштерді қабылдау 2024 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады. Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушылары қатысады. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

31304DAF-304A-436B-926D-5758379D80A2

Олимпиада төрт кезеңнен тұрады:

I кезең (іріктеу) – 2024 жылдың қыркүйегі;

II кезең (аудандық) – 2024 жылдың қазаны;

III кезең (облыстық) – 2024 жылдың қарашасы;

IV кезең (республикалық) – 2024 жылдың желтоқсаны.

388B3009-3E94-4256-A593-35D4BFA1445B

Олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары пәндер сәйкестігі бойынша биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне барлық кезеңдерге қатысу шартын сақтай отырып, конкурстан тыс қатыса алады.

Қатысу үшін барлық ниет білдірушілер auyl.daryn.kz сайтында тіркелуі қажет.

Естеріңізге сала кетейік, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада алғаш рет өткен оқу жылында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өткізілді.

FF2AF625-927B-40C6-AB6F-644BC5E0F35A

Ол Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және дамытуға бағытталған. Олимпиаданың бірінші жылының қорытындысы бойынша ауыл оқушыларының жүлделі орындарға ие болу көрсеткіші 8 есеге артты.

Олимпиада барысында ауыл мектептерінің оқушыларына толық қолдау көрсетіліп, олар алдағы зияткерлік жарыстарға дайындалу үшін республикалық «Дарын» мектебіне сырттай қабылданады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале